Бүгін ерекше күн! Біз барлық тамаша ұстаздарымызды кәсіби мерекелері — Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Қаз 8, 2025

Сіздер тек білім беріп қана қоймай, әр оқушыға әлемнің есігін ашасыздар, ойлауға, армандауға және өзіне сенуге үйретесіздер. Сіздер әр оқушының бойына жан жылуыңызды саласыздар.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге, даналықтарыңызға және шексіз төзімдеріңізге бас иеміз. Әр күндеріңіз қуанышқа, жетістіктеріңіз үшін мақтанышқа және тек жарқын сәттерге толы болсын.

Мереке құтты болсын!