Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерінің диалог-платформасында айтқан маңызды пікірлері:
• «Цифрлық Қазақстанды ауылдар мен ауылдық округтерсіз құру мүмкін емес».
• «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші».
• «Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту керек. Бірақ мұны халыққа пайдасы тиетіндей мұқият ойластырып іске асырған жөн».
• «Ауылдық округтердің өзін-өзі қамту деңгейін арттыру мақсатында бюджеттің төртінші буынына салық пен төлемдердің 25 түрі берілді».
• «Әкімдер тұрғындарға сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы туралы жиі есеп беріп тұруға тиіс. Мұны заңмен бекіту керек».