Оқытудың сапасын, білім алушылардың уәждемесін және педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыратын сандық білім беру платформалары мен онлайн-құралдарды пайдалануға баса назар аударылды. Іс-шара барысында пәндердің теориялық бөлімдерін зерделеу кезінде, сондай-ақ білім алушылардың білімін бақылау және өзін-өзі бақылау үшін қолданылатын бірқатар әмбебап онлайн-платформалардың (тапсырмалар, тесттер, презентация және кері байланыс жасау үшін интерактивті сервистер сияқты) мүмкіндіктері қарастырылып, көрсетілді.