«Қазақстан халқының Тілдері күні»

Қыр 6, 2024 | 0 comments

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде 5 қыркүйекте «Қазақстан халқының тілдері күнін» мерекелеу аясында тілдік пәндер бойынша (қазақ, орыс, ағылшын) оқу сабақтарын әдеттен тыс форматта өткізді.

Бұл күні 1-2 курс студенттері арасында мемлекеттік тіл және қазақ этнографиясын білу бойынша түрлі викториналар мен сайыстар өткізілді, қатысушылар сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті, ұлттық ою-өрнектердің суретін салды, мақал-мәтелдерге қазақ тілінен тірек сөздер таңдалды, эссе жазды және т.б. жұмыс түрлері  жүргізілді.           

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген құрметті тәрбиелеу, сондай-ақ қазақстандықтарды қазақ тілін үйренудің жаңа бағдарламалары мен әдістерімен таныстыру.           

«Тілдердің бірлігі – Қазақстан халқының бірлігі» іс-шарасы аясында 1 курс студенттері арасында қабырға газеттері мен плакаттар байқауы өткізілді; 1 және 2 курс студенттері арасында «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға» тақырыбында ашық диктант жазылды  (300-ден астам студент); «Полиглот» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып, өткізілді.Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.