2026 жылғы 17 ақпанда Костанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқу залында ұлы қазақ қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының негізін қалаушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына арналған ауызша журнал өткізілді.
Программада Әлиханның өмірі мен қызметі туралы мәліметтер, қызықты деректер (9 тілді еркін меңгергені, ғалым, публицист, аудармашы болғаны, Алашорда үкіметінің тұңғыш төрағасы атанғаны), замандастарының оның ұлт тарихындағы рөліне берген жоғары бағалары айтылды. Ол қазақ халқының азаттығы, жері мен тілі үшін өмірін арнаған ұлы тұлға ретінде еске алынды.
Іс-шара соңында студенттер викторина сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сынады. Программаны студенттер Достанов Даниель мен Холод Татьяна жүргізді.Бұл шара жастарға ұлттық тарихты тереңірек түсінуге және Әлихан сияқты ұлы тұлғалардан үлгі алуға септігін тигізді!