«Құқықтану» мамандығының студенттері үшін болашақ кәсіби қызметімен танысу мақсатында көшпелі практикалық сабақ — сот отырысына қатысу ұйымдастырылды

Қаң 20, 2026

Студенттер Қостанай қалалық сотына барып, желтоқсан оқиғаларымен байланысты саяси қуғын-сүргін құрбандары деп тану туралы істі қарау бойынша нақты сот процесінің куәсі болды.

Сот отырысына қатысу білім алушыларға сот төрелігін жүзеге асыру тетігін тәжірибе жүзінде көруге, сондай-ақ оқу құралдарының аясынан тыс құқықтық нормаларды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Практикаға бағытталған оқытудың мұндай нысаны кәсіби құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал етіп, құқықты оқып-үйренуге деген қызығушылықты арттырады.

#учебнаяпрактика #правоваяграмотность #судебныйпроцесс #гражданскоеправо #студенты #Костанай #образование