Қатысушылар білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың өзекті бағыттарын, оқыту сапасын арттыру мен студенттердің білім алу траекторияларын жекелендіру мүмкіндіктерін талқылады.
Ерекше назар білім берудің цифрлық трансформациясы мәселелеріне, оқытушыларды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге даярлауға және білім алушылардың сыни әрі шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуда жасанды интеллектіні пайдалануға аударылды.