Конституция – ұлттың іргетасы: Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Негізгі Заңның 30 жылдығы аталып өтті
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Конституциясының айтулы датасы – 30 жылдығына арналған кураторлық сағаттар циклі өтті. Іс-шаралар «Конституцияға 30 жыл: даму мен нығаю жолы» жалпы тақырыбы аясында ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушыларды Негізгі Заңның тарихи маңызын терең талқылауға жинады.