Бәрі де отбасынан басталады

Қыр 12, 2025

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Киев филиалы кітапханасының қызметкерлері Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің аға кітапханашысы Айман Қожаққызы Бекентаевамен бірге 2-курс-3 курс студенттерінің қатысуымен «Отбасылық альбом: Барлығы отбасынан басталады» тақырыптық іс-шарасын өткізді.

Жиын басында ұйымдастырушылар отбасы институтын нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды. Қатысушылар Қазақстандағы Отбасы күнін тойлау тарихымен де танысты.

 

Іс-шараның интерактивті бөлімінде оқушылар «отбасы» сөзіне өзіндік анықтама берді, «отбасы құндылықтары»  тақырыбына суреттерін салды, сайыстарға қатысты:

– «Мен сен үшін кіммін?

– «Отбасы туралы мақал-мәтел жина»

– «Ассоциациялар»

– «Әдебиет туыстары» ойын

Кездесу соңында қатысушылар берілген тақырып бойынша кинофильм құрастырды. Іс-шара қатысушыларға пайдалы білім мен жарқын әсерлер сыйлап, жылы, достық атмосферада өтті.