«Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің 4 курс студенті Рамазанов Алдияр ересектер арасындағы кикбоксингтен Әлем кубогына қатысты. Бұл жарыс 14–25 мамыр аралығында Түркияның Анталья қаласында өтті.
Алғашқы жекпе-жекте Алдияр Түркия спортшысынан басым түсіп, айқын жеңіске жетті. Екінші кездесуде Норвегиядан келген қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, жеңісті қолдан шығарып алды.
Мұндай деңгейдегі халықаралық жарыстарға қатысу — спортшының кәсіби жолындағы маңызды кезеңдердің бірі әрі жоғары дайындық деңгейінің айғағы.
Алдиярды сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!