15-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық алғашқы спартакиада өтті. Іс-шара Еңбек мамандықтары жылы аясында «Еңбек кубогы» атауымен ұйымдастырылды.
Оқу орнымыздың студенті Урал Акимхан бұл додада жоғары спорттық шеберлігімен ерекшеленіп, марапатқа ие болды. Оның мақсаткерлігі, рухының мықтылығы мен командалық ынтымағы қатарластарына үлгі болып, республикалық деңгейде лайықты бағасын алды.
Акимханды осы жетістігімен құттықтаймыз және алда биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!