15–19 сәуір аралығында көне де қонақжай Түркістан қаласында еліміздің колледждері арасындағы алғашқы республикалық Спартакиада өтуде!
Бұл — еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік командаларды біріктірген күш-жігер мен бірліктің шынайы мерекесі.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің командасы Спартакиаданың мини-футбол жарысына қатысып, облыстық кезеңде 1 орынды иеленіп, намысты қолдан бермей, өңір атынан лайықты түрде қатысып жатыр!
15 сәуір күні біздің студенттер Маңғыстау командасын 2:0 есебімен жеңіп, өз шеберліктерін жарқын дәлелдеді!
Бұл жеңіс — еңбектің, мақсатқа ұмтылудың және нағыз командалық рухтың жемісі!
Команданың дайындалуына жан-жақты қолдау көрсеткен Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіне және ректоры Абдуллин Р.Б.-ға айрықша алғысымызды білдіреміз!
Бұл жетістік жаңа белестерге жол ашып, студенттерге шабыт сыйлап, колледжіміздің мерейін арттыра берсін!
Алға, Қостанай! Жаңа жеңістерге жол ашық болсын!