Жұмысшы мамандықтарының жылы

«2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру қажет. Жұмысшы мамандықтар жылы сонымен қатар біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын ілгерілетуге ықпал етеді».

Президент атап өтті

Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы кәсіптік білім беру реформасының маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, реформа экономиканың өсуін және оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды.