2024 жылдың 1-ші шілдесінде сағат 14.00-де 305 аудиторияда Жас педагогтар мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі басшы орынбасары, заң ғылымдарының магистрі З.Б. Аубакирова семинар өткізді
Негізгі мақсат – мұғалімдерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен таныстыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістерін көрсету.
Іс-шара барысында дәрісші Аубакирова З.Б. қазіргі заманда қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне тікелей әсер ететін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті. Ал бұл дертпен күресуші жастар болуы керек. «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не» слайдтарын көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс және қылмыстық-құқықтық феномен ретінде мазмұны көп құрылымды және көп деңгейлі мазмұнға ие, оның мазмұнына қоғамға қауіпті әрекеттердің әр текті түрлерінің кешені кіреді деген қорытындыға келді және қоғамдық өмірдің барлық салаларына таралады.
Сондай-ақ, дәрісші сыбайлас жемқорлықтың қандай нысандары бар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді.
Семинарға қатысушылар іс-шараға белсене қатысып, «Сыбайлас жемқорлық туралы не білесіз?» ойынына қатысып, сұрақтар қойып, мұғалімдердің жеке бақылауларынан мысалдар келтірілді.
Нәтижесі: Семинарға қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігімен және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталғандығымен таныстырылды.