Egov арқылы колледжге құжаттарды қалай тапсыруға болады

  1. Egov.kz сайтына өтіп, авторланудан өтіңіз.

  2. Қызметті алу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз.

  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Бұдан әрі сіз толтыруыңыз қажет қадамдары бар бет ашылады:

  • өтінім түрін таңдаңыз: «ТжКБ-ға құжаттарды қабылдау»;

  • байланыс телефоны мен электрондық поштаны қосыңыз;

  • кім екеніңізді көрсетіңіз: түсуші/білім алушы, ата-ана немесе заңды өкіл;

  • «алған білімі туралы құжат» өрісінде – аттестатты немесе ТжКБ/ЖОО дипломын таңдаңыз;

  • оқыған еліңізді таңдаңыз;

  • әлеуметтік көмек алатын болсаңыз, санатты көрсетіңіз (егер алсаңыз);

  • барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз (олар сайтта көрсетілген). «Төлем нысаны» өрісінде өзіңізге сәйкес келетін нысанды (ақылы немесе грант) көрсетіңіз.