Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқу залында Отбасы күніне орай «Отбасы – сүйіспеншілік пен келісім мекені» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қыр 14, 2026

Көрмеге қойылған әдебиеттер оқырмандарды Қазақстандағы Отбасы күні мерекесінің шығу тарихымен және оның терең мағынасымен таныстырады. Экспозицияда Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлттардың достығы мен ынтымағын, отбасылық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін баяндайтын кітаптар кеңінен ұсынылған. Сонымен қатар, оқырмандар назарына отбасы, бірлік пен сыйластық туралы қазақ және орыс халықтарының мақал-мәтелдері мен даналық сөздері жинақталған басылымдар ұсынылды.