Наурзум мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара табиғатты қорғау жолында мамандардың, студенттер мен өскелең ұрпақтың басын қосты.
Күннің басты оқиғасы — колледж бен қорық арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл студенттерге ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысанында ғылыми жобалар мен тәжірибеден өтуге жол ашады. Осы серіктестіктің құрметіне колледж аумағында «Әлеуметтік серіктестік аллеясы» бой көтерді.
Акцияның маңыздылығын біздің кішкентай серіктестеріміз — «Антошка» және «Бөбек» балабақшаларының тәрбиеленушілері арттыра түсті. Бүлдіршіндер студенттермен бірге ағаш отырғызып, жас кезінен туған өлкені аялауды үйренді.
Мереке эко-флешмоб, «Жасыл планета» квизі және шығармашылық көрмемен жалғасты.
Бүгін отырғызылған әрбір ағаш — планетамызды сақтауға жасалған ортақ қадамымыз!