Қостанай облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Шинекенева Зауреш Қазизовна «Заң және тәртіп» жобасын жүзеге асыру аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, мазмұнды дәріс оқыды.

Сәу 24, 2026

Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.