Колледжде әкімшілік қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сәу 17, 2026

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болды.

Кездесу барысында заңнаманың негізгі нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік және олардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Әрбір адамның адалдық пен ашықтық қағидаларын сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шара білім беру ортасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайтуға ықпал етті.