Меморандумға қол қойылды!

Сәу 16, 2026

2026 жылғы 16 сәуірде «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің басшысы Р.С. Шукманова мен «Қазпошта» АҚ ҚОФ директоры Т.Т. Имашева өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Негізгі мақсат: «Бизнес және басқару» саласы үшін білікті мамандар даярлау.

Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыс жоспарлары мен «Қазпошта» базасында студенттерді практикалық оқыту мәселелерін талқылады. Біз түлектеріміздің кәсіби өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер жасаймыз! 🚀