🌿 Біз таза қаланы қолдаймыз! Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері «Таза өлке» акциясына белсенді түрде қатысты!

Сәу 13, 2026

11 сәуір күні біздің еріктілер мен студенттер колледж аумағын және оған іргелес жатқан жерлерді қоқыстан тазарту үшін жиналды. Бұл тек субботник емес — бұл біздің туған қаламызға деген сүйіспеншілігіміз бен қамқорлығымыздың белгісі.

Бірлескен жұмыстың арқасында айналамыз тазарып, көңіл-күйіміз көтеріле түсті! Тазалық — табалдырықтан басталады. Қаламыздың гүлденуіне бірге үлес қосайық!