Қазақ халқының рухани мәдениетінде ерекше орын алатын дәстүр – бата беру.
Наурыз мерекесі аясында 16 наурыз – Дәстүр күніне орай әлеуметтік-техникалық колледж студенттері осы салтты сахналық көрініс арқылы көрсетті. Студенттер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дәстүрдің тәрбиелік мәнін жеткізе білді.