Алғыс айту күні мен Қайырымдылық күні аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Нау 16, 2026

Студенттер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап кітаптар, ойыншықтар және қажетті заттарды жинады. Сонымен қатар балаларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Осындай игі бастамалар жастарды мейірімділікке, жанашырлыққа және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге тәрбиелейді. Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді!