Кездесу барысында сенім телефоны тақырыбы жан-жақты түсіндірілді: оның атқаратын қызметі, жүгіну тәртібі және қандай жағдайларда тегін әрі анонимді көмек алуға болатыны айтылды. Сондай-ақ студенттерге психологиялық кеңес және әлеуметтік қолдау көрсететін ұйымдардың мекенжайлары мен байланыс деректері ұсынылды. Ерекше назар қиын өмірлік жағдайларда көмек сұрау дағдыларын қалыптастыруға, күйзеліске төзімділікті дамытуға және ұжымдағы өзара қолдауды нығайтуға аударылды. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.