Байқау барысында «Веселые «Фруто-крышки» атты дидактикалық ойындар жинағының авторлық жұмысы ұсынылды. Баяндама аясында аталған әдістемелік өнімді білім беру үдерісіне енгізу нәтижелеріне жан-жақты талдау жасалды.
Байқауға қатысу – жеке педагогикалық тәжірибені ұсынуға, әріптестермен инновациялық идеялар алмасуға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ойын технологияларының өзектілігін дәлелдеуге мүмкіндік болды.