🛡 Қауіпсіздік пен сенім: ҚСТК-де облыстық ата-аналар жиналысы өтті

Ақп 18, 2026

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде заманауи тәрбиенің ең өзекті мәселелеріне арналған Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде — буллингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыптары қаралды.

Жиналыстың негізгі бағыттары:
📍 Ақпараттық блок. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С. Утагалиева студенттер үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мен бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

📍 Психологиялық практикум. Педагог-психолог Е.С. Вергилесова ата-аналармен практикалық сессия өткізді.
«Отбасы — баланың басты қорғаны. Біздің мақсатымыз — ата-аналарды бала үніне құлақ түруге және қауіптің алдын алуға үйрету», — деді спикерлер.

Кездесу соңында ата-аналарға баламен қарым-қатынасты нығайту бойынша ұсыныстары бар жадынамалар мен буклеттер таратылды.