«Кітап сыйлау – жүрек сыйлау»13 ақпанда, Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында Костанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының белсенділері «Жанұя» отбасылық балалар үйіне барды.

Ақп 13, 2026

Балалармен кітап туралы әңгіме, викторина және ойындар ұйымдастырылды. Студенттер мен оқытушылардың күшімен кітаптар, ойыншықтар және қажетті заттар жиналды.
Биылғы акцияның ең белсенді қатысушылары-оқытушылар: Абишева Әлия Имашевна, Ахметова Әсел Серикбаевна, Сребродольская Анна Александровна, Жулдубаева Гулия Имашевна, Кожабаева Гүлнар Маликовна, Жумасаева Сәния Тулегеновна, Борискина Виктория Петровна.
Ахметова Әсел Серікбаевна 60 кітап сыйлады! Барлық студенттерімізге де шынайы алғысымызды білдіреміз – сіздердің қатысуларыңызбен шара мәнді әрі жылы болды.Баршаңызға үлкен рақмет!