11–12 ақпан күндері қалада шаңғы спорты бойынша қалалық фестиваль және «Лыжня здоровья–2026» жаппай шаңғы жарыстары ұйымдастырылды. Аталған шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларын біріктіріп, қысқы спорт маусымының жарқын оқиғасына айналды.

Ақп 13, 2026

Жарысқа ТжКБ жүйесінің 15 оқу орны қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Әлеуметтік-техникалық колледждің» білім алушылары лайықты нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте құрметті 3-орынға ие болды.

Жеке есепте колледж білім алушысы Бержицкий Данил ерекше көзге түсіп, сенімді түрде 1-орынды иеленді. Ол өзінің жоғары физикалық дайындығы мен спорттық мінезін дәлелдеді.

Колледж командасын және жеңімпазды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тілейміз!