✍️ Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Ақп 11, 2026

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

✔️Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

✔️Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

t.me/aqorda_resmi