Тәжірибелі тәлімгерлер – Картабаева К.М. мен Рябоконь Т.Н. жетекшілігімен білім алушылар қалалық инфрақұрылымды дамыту мен өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған идеяларын ұсынды. Байқау комиссиясы жобалардың ауқымдылығын және қатысушылардың өз өңірінің болашағына деген шынайы жанашырлығын ерекше атап өтті.
Байқау ұйымдастырушылары білім алушылардың белсенді қатысқаны үшін колледж басшысы Шукманова Р.С. зор алғыс білдірді. Мұндай форматтағы іс-шаралар жастарға құқықтық тәрбие беруде шешуші рөл атқарады.
Біз өз таланттарымызды мақтан тұтамыз. Бұл жетістік қаламыздың ертеңі сенімді әрі креативті жастардың қолында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жас дарындар мен олардың жетекшілеріне жаңа жеңістер мен сарқылмас шабыт тілейміз.