2026 жылғы 28 қаңтарда оқытушы М.С. Тулебаева ДТжС-03б тобында ОН 1.2. «Тұлғаның жас ерекшелік эмоционалдық процестерінің сипаттамасы» пәні бойынша «Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Қаң 28, 2026

Сабақтың мақсаты: Білім беру ұйымы, отбасы және әлеуметтік институттар арасындағы тиімді іс-қимылдың тетіктері мен маңыздылығын жан-жақты түсіндіру. Болашақ мамандардың бойында осы үш буынның синергиясы тұлғаның эмоционалдық және зияткерлік үйлесімді дамуының негізі болып табылатыны туралы түсінік қалыптастыру.

Білім алушылар жоғары белсенділік танытып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін және болашақ кәсіби қызметінде серіктестік принциптерін іске асыруға дайын екендіктерін көрсетті.