📢 Өз құқығыңды білу — маңызды әрі заманауи!

Жел 30, 2025

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде маңызды кездесу өтті: студенттер алдында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі — Шакирбаев Мақсат Самитович сөз сөйледі. ⚖️

🎓 Дәріс тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің құқықтық негіздері».

Студенттер не білді? ✅ Омбудсмен деген кім? Бұл — егер сіздің құқығыңыз мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар тарапынан бұзылса, әділдікті орнатуға көмектесетін тәуелсіз қорғаушы. ✅ Ол қалай жұмыс істейді? Мақсат Самитович құқық қорғаушыларға азаматтарға көмектесу үшін нақты құралдар беретін Конституциялық заң туралы егжей-тегжейлі айтып берді. ✅ Қайда жүгінуге болады? Студентер өтініштерді қалай дұрыс беру керектігін және өз мүдделерін құқықтық өрісте қалай қорғауды үйренді.

Құқықтық ағарту — табысты болашақтың негізі. Бүгінгі таңда құқықтық сауатты болу — ертеңгі күнге сенімді болу және өзіңді қорғалған сезіну дегенді білдіреді! 💪✨