«Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің 3-курс студенті Балаканов Ильшат 2025 жылғы 9–14 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында өткен кикбоксингтен дәстүрлі турнир аясындағы Қазақстан Кубогында оқу ордамыздың намысын лайықты қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Ильшат құрметті II орынға ие болып, жоғары спорттық шеберлігін, ерік-жігерін және мақсаткерлігін көрсетті. Финалдық жекпе-жекте ол Астана қаласының мықты спортшысымен бақ сынасты.
Балаканов Ильшатты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!