📚🔐 КСТК студенттеріне арналған цифрлық гигиена сабағы

Жел 3, 2025

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттеріне білім беру іс-шарасын өткізді.

«Цифрлық гигиена (қауіпсіздік)» сабағында мамандар желідегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, жеке деректерді қорғау тәсілдерін, онлайн-алаяқтықтың алдын алу жолдарын және жауапты цифрлық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндірді.

Студенттер практикалық ұсыныстар алып, әрбір қолданушы кездесуі мүмкін киберқауіптерге қатысты нақты мысалдарды талқылады.

✔ Қауіпсіздік — санадан басталады!