Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтеді. Бұл – елдің болашақ тәуелсіздігінің негізі болған тарихи құжат. 1990 жылы қазанда қабылданған Декларация Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени дербестігін жариялап, заманауи мемлекет құруға жол ашты.