«Жақсы мінез – сарқылмас байлық»

Ақп 5, 2025 | 0 comments

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.

Бұл іс-шаралардың мақсаты – білім алушылардың өмірде жақсы мінездің маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру, оның айналадағылармен қарым-қатынасқа, оқудағы және болашақ мансаптағы табысқа қалай әсер ететінін түсіндіру.

Кураторлық сағаттар жылы және достық атмосферада өтті. Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Білім алушылар жақсы мінез – бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес, адамды бақытты және табысты ететін өмір салты деген қорытындыға келді.
Бұл кураторлық сағаттар білім алушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін және жауапты мінез-құлқын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Біз алған білімдер жастарға болашақ өмірлерінде көмектеседі деп үміттенеміз!