Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапханасының оқу залында қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшысы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ауызша журнал ұйымдастырылды.
Мерейтойлық іс-шара төрт мазмұнды бөлімнен тұрды:
1. «Балалық шағы және білімге құштарлығы»;
2. «Ғалым және зерттеуші» ;
3. «Ағартушылық жолы» ;
4. «Мәңгілік мұра» .
Іс-шара соңында «Шоқан Уәлиханов – ғалым, ағартушы, саяхатшы» атты викторина өткізілді. Студенттер ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі жайлы білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.