Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, еңбек пен кәсіби шеберлікті насихаттау мақсатында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Биылғы бағдарлама аясында 2025 жылдың 17 қыркүйегінде А.С. Ахметова арнайы пәндердің мұғалімі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1 курс студенттеріне «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Бұл іс-шара студенттерді жұмысшы мамандықтардың түрлерімен таныстыруды мақсат етті және шеберлік сағатын мысалға ала отырып, бірінші курс студенттерін болашақ мамандығымен таныстырды. Бұл жұмысшы мамандықтармен таныстыру студенттердің кәсіби өзіндік санасын дамытуға, таңдаған мамандығын және оның қазіргі әлемдегі орнын түсінуге бағытталған бірқатар шараларды қамтиды.