Колледжде «Колледждің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында кезекті әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыста білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылды: циклдік комиссиялардың озат педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу бойынша жұмысын үйлестіру, кәсіби стандарттарды педагогтердің біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту арқылы жүзеге асыру.