Кітапханадағы ЖИ: қадамдық нұсқаулық
Мақсаты: колледждің студенттері мен оқытушыларына жасанды интеллектті (ЖИ) кітапханада тиімді пайдалануға көмектесу.
1-ҚАДАМ. Кітапханашыға жүгініңіз
-
Қандай ЖИ-қызметтер қолжетімді екенін біліңіз:
— ChatGPT
— Grammarly
— Copilot (Word/PowerPoint)
— You.com және басқалар -
Өз тапсырмаңызға сәйкес келетін сервисті таңдау бойынша кеңес алыңыз.
2-ҚАДАМ. Кітапхананың Wi-Fi желісіне қосылыңыз
-
Ноутбук, планшет немесе кітапханадағы компьютерді пайдаланыңыз.
-
Интернет байланысының тұрақты екеніне көз жеткізіңіз (қажет болса — кітапханашыға хабарласыңыз).
3-ҚАДАМ. Қажетті ЖИ-қызметке тіркеліңіз
-
ChatGPT, Grammarly және басқа сервистерге кіру үшін электрондық пошта қажет.
4-ҚАДАМ. Сұранысыңызды дұрыс құрастырыңыз
Сұраныс үлгілері:
-
«“Экология және балалар” тақырыбында реферат жоспарын құр.»
-
«Жобалық оқыту дегеніміз не екенін қарапайым тілмен түсіндір.»
-
«Эссе мәтінін қателерге тексеріп, жақсарту жолдарын ұсын.»
Кеңес:
— Сұрақты нақты және анық жазыңыз.
— Тақырыпты, көлемді және стильді көрсетіңіз (ғылыми, ресми, т.б.).
5-ҚАДАМ. Нәтижені тексеріп, түзетіңіз
-
Мәтінді талдамай көшірмеңіз.
-
Фактілердің дұрыстығын тексеріңіз, түсініксіз сөздерді нақтылаңыз.
-
Қажет болса, ЖИ-ден мәтінді басқа тәсілмен жазып беруін сұраңыз.
6-ҚАДАМ. Этикалық нормаларды сақтаңыз
-
ЖИ жазған мәтінді өз жұмысыңыз ретінде ұсынуға болмайды.
-
Егер жұмыста ЖИ пайдаланылған болса, оны көрсетіңіз.
-
Есіңізде болсын: ЖИ — көмекші, автор емес.
7-ҚАДАМ. Нәтижені сақтап, пайдаланыңыз
-
Мәтінді жүктеп алыңыз немесе Word не Google Docs құжатына көшіріңіз.
-
Материалдарды сабаққа, жобаға немесе емтиханға дайындықта қолданыңыз.