Көркем фильмдер түсірілген кітаптар

Қаң 27, 2025 | 0 comments

2025 жылдың 23 қаңтарында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Көркем фильмдер түсірілген кітаптар» тақырыбында қызықты кездесу өтті. Студенттер әдебиеттің киноға ықпалын белсенді түрде талқылап, өздеріне ұнаған фильмдермен бөлісті. Іс-шара барысында қатысушылар әдеби шығармалардың фильмдер жасауға қалай негіз болатыны, сондай-ақ экранға бейімделу кезінде кітаптың қандай аспектілері жиі жоғалатыны туралы білді. Студенттер үздік экранизациялар туралы өз пікірлерін ортаға салып, қандай кітаптардың кинематографистердің назарына лайық екенін талқылады. Басты назарда орыс, қазақ және шетел жазушыларының балаларға жақсы таныс кітаптары болды:

Л.Н.Толстой «Соғыс және бейбітшілік», Ф.М.Достоевский «Қылмыс және жаза», И.А.Гончаров «Обломов», М.А.Булгаков «Мастер және Маргарита», М.Әуезов «Абай жолы», С.Мұқанов «Ботагөз», Бауыржан Момышұлы «За нами Москва», Б.Сөкпақбаев «Меня зовут Кожа», У.Шекспир «Ромео и Джульетта», М.Митчелл «Жел алып кеткендер», А.К.Дойл «Шерлок Холмс туралы әңгімелер» және басқалары.

Біз барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және қызықты талқылаулары үшін алғыс айтамыз! Кездесуді ұйымдастыруға және өткізуге көмектескен ұстаздар Сабина Сайлауқызы Измагилова мен Рашид Мағауияұлы Қамбаровқа ерекше алғыс білдіреміз.

Мұндай кездесулер дәстүрге айналып, жастар арасында оқу мен кино өнеріне деген сүйіспеншілікті дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз