0.01.2025 Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алу туралы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
Жиналысқа Солтүстік бөлім бастығының орынбасары полиция майоры Темірғалиев Қуат Әлиасқарұлы, жедел уәкіл – полиция майоры Тұмырзин Ерлан Ескендірұлы шақырылды.
Келесі мәселелер талқыланды:
* жасөспірімдер нашақорлығының себептері;
* есірткіні қолдану белгілері;
* отбасындағы және мектептегі нашақорлықтың алдын алу тәсілдері;
* жасөспірім есірткіні пайдаланған деп күдік туғызған жағдайда қайда көмек сұрауға болады.
Ата-аналарға осы тақырып бойынша ақпараттық материалдар ұсынылды