Бүгін колледжіміздің білім алушылары қазақ мемлекетінің қалыптасуына арналған танымдық әрі мазмұнды кездесуге қатысты. Кездесу Қазақстан Республикасының белгілі тарихшысы, зерттеушісі және педагогы, тарих ғылымдарының докторы, КРУ профессоры Д.М. Лёгкийдің қатысуымен өтті.

Жел 11, 2025

Ғалым архивтік құжаттарға сүйене отырып, өткеннің беттерін – «Алаш» қозғалысының тарихын оның жетекшілері А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ә.Бөкейханның қызметі арқылы жан-жақты көрсетіп, әңгімелеп берді. Презентация барысында араб графикасымен басылған «Қазақ» газетінің сирек данасы да түрлі құнды архивтік құжаттар көрсетілді. Білім алушылар зор қызығушылықпен тыңдап, XV–XVI ғасырларда Қазақ хандығының құрылуынан бастап, қазақ кеңестік мемлекеттілігінің жариялануына және толық тәуелсіздік алу кезеңіне дейінгі сұрақтарды қойды. Бұл тарихи үдерістер «Алаш» автономиясының қалыптасуы негізінде баяндалды.