« Абай – ұлт мақтанышы»  кітап көрмесі

Там 7, 2026

Ұлы ақын, философ әрі ағартушы Абай Құнанбайұлы халқымыздың тарихы мен мәдениетінде өшпес із қалдырды. Оның рухани мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан білімнің, адамгершілік пен ұлттық мақтаныштың сарқылмас көзі. Осы айтулы датаға орай Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапханасында « Абай – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Экспозицияда ойшылдың өз шығармаларымен қатар, оның өміріне, философиясына және музыкалық мұрасына арналған танымал зерттеушілердің еңбектері ұсынылған.

  • Абай шығармалары: философско-прозалық еңбегі «Қара сөздер», «Ескендір» поэмасы.
  • Зерттеулер мен афоризмдер: «Абай афоризмі» (Құлмат Өмірәлиев), «Абайтану» (Досым Омаров).
  • Музыкалық және поэтикалық мұра: «Жүрегім, нені сезесің» – Абай өлеңдеріне жазылған романстар» (Дәулеткұл Мүсіров), «Абай әндері» (Бисенғали Ғизатов). Барлық студенттер мен оқытушыларды ұлы классиктің мәңгілік асыл сөзімен сусындау үшін көрмені тамашалауға шақырамыз!