21.01.2026 жылы ДТжС-03б тобында педагог А.Б.Сейтбектің О.Н. 1.3 «Жастардың дене тәрбиесінің басымдықтарын айқындау» пәні бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» сабағы өткізілді.

Қаң 21, 2026

Сабақтың мақсаты: студенттерге салауатты өмір салтының ғылыми негіздерін түсіндіру, денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығын ашу, сондай-ақ болашақ кәсіби және жеке өмірінде қолдана алатын білімдерін қалыптастыру. Пайдаланылатын оқыту әдістері мен тәсілдері оқу материалын меңгеруге және практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етті.