14 қараша күні біздің колледжде жоспарлы оқу-жаттығу эвакуациясы өтті!

Қар 20, 2025

Бұл – өрт немесе басқа да қауіп-қатерлер сияқты төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтауды мақсат ететін маңызды іс-шара.

Басты міндет – оқу ғимаратынан барынша тез және ең бастысы, ұйымшылдықпен шығу болды. Студенттер мен қызметкерлер нақты жағдайда дүрбелең мен кептеліс туындамауы үшін қосалқы шығу есіктері мен эвакуация жолдарын білуді пысықтады. Барлығы ғимараттан шыққанына көз жеткізу үшін қауіпсіз алаңда жиналу және түгендеу (перекличка) процесі тексерілді.

Жаттығу кезіндегі жауапкершілік танытқаны және тәртібі үшін барлық студенттер мен оқытушыларға алғысымызды білдіреміз. Жалпы эвакуация уақыты біздің үйлесімді әрекет етуге дайын екенімізді көрсетті!

Қауіпсіздік – бұл тек ережелер ғана емес, бұл біздің ортақ жауапкершілігіміз және өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі. Тұрақты жаттығулар бізге кез келген жағдайға дайын болуға көмектеседі.