«Маманның көлеңкесі» форматы болашақ бағдарламашыларға IT-бөлімінің инженерлеріне бекітіліп , нақты операциялық міндеттерді шешуге қатысуға мүмкіндік берді. Студенттер құрастыру желілерін және қойма есебін автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалармен танысты.
Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісін өндіріс шынайылығына жақындату және техникалық IT-мамандықтардың беделін арттыру. Техникалық бөлім меңгерушісі Қожабаева Г.М.: «Студенттер өздерінің коды мен білімі… бүкіл зауыттың жұмысындағы негізгі элемент екенін көрді», – деп атап өтті.
«СарыАрқаАвтопром» ЖШС-мен ынтымақтастық ҚСТК-ге еңбек нарығының сұраныстарына барынша сәйкес келетін кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.