Шара «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының ережелерін түсіндіруге арналды.
Кездесу барысында студенттерге әскери қызмет өткеру тәртібіне және жастар арасындағы патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуге қатысты жаңартылған құқықтық нормалар туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың функцияларын тиімді бөлу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар жаңартылған заңнама аясындағы өз құқықтары мен міндеттері туралы толық мәлімет алды.